
Қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық күніне орай ұйымдастырылған «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-де іргелес аумақты санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша сенбілік өткізілді.
Іс-шараға Басқарма қызметкерлері қатысты. Сенбілік барысында аумақ тазартылып, тұрмыстық қалдықтар жиналып, іргелес жерлердің санитарлық жағдайы ретке келтірілді.
Осындай іс-шараларды өткізу экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және елді мекендердің тазалығын сақтауға ықпал етеді.