
«Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-де мемлекеттік қызметшілердің тілдік дағдыларын дамытуға бағытталған ішкі «Speaking Club» форматындағы семинар өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар сөйлеу дағдыларын жетілдіріп, кәсіби сөздік қорын кеңейтіп, жұмыс ортасындағы коммуникативтік қабілеттерін дамытты.
Осындай іс-шараларды өткізу қызметкерлердің тілдік даярлық деңгейін арттыруға, іскерлік қарым-қатынас мәдениетін дамытуға және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби өсуіне ықпал етеді.