Басқармада темекіге қарсы саясат және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша семинар өткізілді

Басқармада темекіге қарсы саясат және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша семинар өткізілді

«Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-де қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және темекіге қарсы саясат мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру семинары өткізілді.

Семинар барысында темекі өнімдерінің адам денсаулығына тигізетін зияны, темекі шегудің алдын алу шаралары, сондай-ақ темекі өнімдерін тұтынуды шектеу саласындағы қолданыстағы заңнама нормалары қарастырылды.

Осындай іс-шараларды өткізу салауатты өмір салты мәдениетін нығайтуға және азаматтардың өз денсаулығына жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.