Мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңартылған тәртібі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуы туралы

Мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңартылған тәртібі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуы туралы

23 сәуірде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ қызметкерлерімен семинар-кеңес өткізді.

Семинар барысында мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңартылған тәртібі қаралды. Жаңа жүйе конкурстық рәсімдердің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған және іріктеу процесін толығымен автоматтандырады.

Сондай-ақ Департамент қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданыстағы заңнамасының өзге де талаптарын сақтау қажеттігін еске салды