Құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық бақылау

Құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық бақылау

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасында «АДАЛ ДОС Превенция» ҚБ басшысы А.Байлин мен Әдеп жөніндегі уәкіл К. Сюндиковтың қатысуымен семинар-кеңес өтті. Қазақстан Республикасының заңнамасын және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау, құқық бұзушылықтардың, тәртіптік теріс қылықтардың алдын алу, «Адал азамат» тұжырымдамасын іске асыру, заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл, «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы, зайырлы мемлекет қағидаттарын сақтау мәселелері қаралды. Семинар қорытындысы бойынша қызметшілерге ұсыныстар беріліп, ақпараттық буклеттер таратылды.