
2025 жылғы 25 қарашада Қостанай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында облыс әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Дидар Сапарғалиұлы Тлеубаевтың брифингі өтті.
Ағымдағы жылы тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Қостанай облысында барлыққаржыландыру көздері есебінен 500,0 мың шаршы метрсалу жоспарланған.
Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 435,6 мың шаршы метр үй пайдалануға берілді немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 102,3%. Оның ішінде: 351,8 мың шаршы метр көппәтерлі тұрғын үй және 83,7 мың шаршы метр жеке тұрғын үй.
Бюджет қаражаты есебінен ағымдағы жылы облыста жалпы ауданы 53,2 мың шаршы метр 694 пәтерге арналған 14 кредиттік тұрғын үй және жалпы ауданы 13,4 мың шаршы метр 124 жеке тұрғын үй салынды.
2025 жылы облыста ипотекалық қарыздар бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін жергілікті бюджет қаражатынан 7,8 млн. теңге сомасына 10 тұрғын үй сертификаты берілді.
Тұрғын үй құрылысын дамытуды қамтамасыз ету үшін тұрғын үй құрылысы аудандары инженерлік инфрақұрылыммен жабдықталады.
Кезекте тұрған адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Ұзынкөл ауданында жалпы ауданы 1,1 мың шаршы метр 18 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысы аяқталды.
Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдардың кезекте тұрғандарын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылы облыстың 16 өңірінде жалпы сомасы шамамен 10,3 млрд.теңгеге 547 пәтер сатып алу жоспарланған. Бүгінгі таңда жалпы сомасы 6,1 млрд.теңгеге 195 пәтер сатып алынды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы облыста «Наурыз» және «Наурыз жұмыскер» Отбасы банкі арқылы жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаларды іске асыру жалғасуда. Қараша айында жоғарыда аталған бағдарламалар бойынша өтінімдерді қабылдау қайта басталды, қазіргі уақытта «Наурыз» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау жалғасуда және айдың соңына дейін жалғасады. «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау қаражат лимитінің таусылуына байланысты аяқталды. Облыс бойынша қабылданған өтінімдердің жалпы саны – 93.
2025 жылдың қараша айында Қостанай облысының әкімдігі мен «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы арасында сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді сату туралы келісім жасалды. Қазіргі уақытта «ҚТүК» АҚ Рудный қаласында 25 жалға берілетін пәтер сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы жұмыс істейтін жастарға арналған Отбасы банкі арқылы «Қостанай жастары» өңірлік бағдарламасын іске асыру жалғасуда. Іске асыру басталғаннан бастап (2023 – 2024 ж.ж.) 2,1 млрд. теңге сомасына 159 қарыз берілді