Басқарма басшысы Д. С. Тлеубаев "Қостанай облысында білім беру объектілерін салу туралы" брифингке қатысты

Басқарма басшысы Д. С. Тлеубаев "Қостанай облысында білім беру объектілерін салу туралы" брифингке қатысты

2025 жылғы 17 қыркүйекте «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ басшысы Д. С. Тлеубаев «Қостанай облысында білім беру объектілерін салу туралы» тақырыбында Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингіне қатысты.

2023 жылы 4500 орынға арналған 6 мектептің құрылысын жүргізу туралы келісімшарттар жасалды. Бүгінгі таңда 5 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға қабылдау актілері рәсімделді, 4 нысан білім беру ұйымдарына тапсырылды. Мұнда 3156 оқушы білім алуда, педагогикалық құрам толық жасақталған, оқу процесі штаттық режимде өтуде.

Алтыншы мектептің құрылысын аяқтау 2025 жылғы 15 желтоқсанға жоспарланған.
Рудный қаласында нысанның дайындық деңгейі – 85%.

Қостанай қаласындағы «Қонай» шағын ауданында 900 орындық мектептің дайындық деңгейі – 95%.

«Береке» шағын ауданындағы 980 орындық мектепті ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Қостанай ауданы Еңбек ауылындағы 100 орындық мектептегі жұмыстардың 90%-ы орындалды.

— Құрылыс жұмыстарының барысы мен сапасына қатаң бақылау жүргізілуде, — деп атап өтті брифинг барысында Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Дидар Тлеубаев. — Қажет болған жағдайда сараптамалар мен зертханалық тексерулер жүргізіледі. Облыс әкімдігіне құрылыс жұмыстары жөнінде апта сайын есеп беріледі.