ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына негізгі түзетулер:
- «кілтпен» құрылыс бойынша конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды жетілдіру;
- конкурс қорытындысына әсер ететін бағалық емес критерийлерді жақсарту;
- «кілтпен» құрылыс бойынша үлгілік шартты бекіту;
- «кілтпен» құрылыс шарты бойынша жұмыстарды орындау бойынша әлеуетті өнім берушінің келісім (міндеттеме) нысанын белгілеу. Өзгерістер ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 14 шілдедегі № 358 бұйрығымен енгізілді және 2025 жылғы 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.