Жобалау ұйымдарымен бірге қала құрылысы құжаттамасын реформалау мәселесін талқылау - ҚР ӨҚМ

Жобалау ұйымдарымен бірге қала құрылысы құжаттамасын реформалау мәселесін талқылау - ҚР ӨҚМ

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасы  Бақытжан Жүнісбеков және құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы жобалау ұйымдары мен салалық қауымдастықтар өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесу өтті, ҚР ӨҚМ сайтына хабарланды.

Кездесу барысында елді мекендерді дамыту және игеру жобаларын әзірлеу тәсілдерін өзгерту, сондай-ақ елді мекендер арасындағы аумақтарды игеру мәселелері талқыланды.

Қала құрылысы құжаттамасын реформалаудың басты жаңалығы – бас жоспар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын өзектендірілген топографиялық түсірілімдер негізінде қалыптастырылатын бірыңғай цифрлық модельге біріктіру. Бұл тәсілге көшу келесі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:

-       ресурстарды тиімді пайдалану,

-       сәулеттік-жоспарлау шешімдерінің нақтылығын арттыру,

-       құрылыс саласындағы инвестициялық климатты жақсарту.

Кездесу барысында сарапшылар реформаны енгізу кезінде туындайтын мәселелерді де талқылады. Атап айтқанда, QazTRF-23 (ҰИПД) жаңа координаттар жүйесіне көшу және санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны (СЭҚ) алу тәртібі сөз болды.

Жиын қорытындысы бойынша жобалау ұйымдарының өкілдері жаңа стандарттарға көшу кезінде қолдау мен өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтіп, реформаны іске асыруға дайын екендіктерін білдірді.