
2026 жылғы 24 ақпанда аумақтық халық коалициясының мүшелері Весёлый Подол ауылының тұрғындарымен кездесіп, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі алдағы референдумға дайындық аясында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.
Іс-шара барысында азаматтарға Конституция жобасының негізгі ережелері, алдағы референдумның елдің одан әрі дамуы үшін маңызы, сондай-ақ оның өткізу тәртібі жан-жақты түсіндірілді.
Ауыл тұрғындары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауап алды. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.