
🟦 Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссияның төрағасы - Конституциялық соттың төрайымы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары - Мемлекеттік кеңесші Ерлан Каринді және Конституциялық комиссияның мүшесі - Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады.
🟦 Мемлекет басшысына Конституциялық комиссия отырыстарының нәтижелері туралы ақпарат берілді. Эльвира Әзімова Комиссия қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін барлық отырыстар медиа кеңістікте, оның ішінде арнайы жеделхат-арнада көпшілік алдында көрсетілетінін баяндады.
🟦 Конституциялық комиссия төрағасы жарты жыл ішінде Конституциялық реформаны кеңінен қоғамдық талқылау өткенін хабарлады. Электрондық платформаларға азаматтардан, құқықтанушы ғалымдардан, сарапшылардан, заңгерлерден, саяси партиялардан, үкіметтік емес ұйымдардан, кәсіби және бизнес-қоғамдастықтардан 2 мыңнан астам бастамашылық ұсыныстар келіп түсті.
🟦 Өткен отырыстарда Комиссия мүшелері Конституцияның кіріспесінің, бірқатар баптары мен бөлімдерінің тұжырымдамалық жаңа редакцияларын әзірлеп, бірлесіп қарауда.
🟦 Мемлекет басшысы алдағы Конституциялық реформа еліміздің дамуына оң серпін беретінін атап өтті. Өз кезегінде Комиссия жұмысы Конституциялық реформаның маңызды қадамы болып табылады.