Мемлекет басшысы Израильдің сыртқы істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Израильдің сыртқы істер министрін қабылдады

✔️Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Гидеон Саардың сапары Израильдің Қазақстанмен көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін растайды.

✔️Кездесуде сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ықпалдастықты жандандыруға, жасанды интеллект, ауыл шаруашылығы, су ресурстарын басқару, сондай-ақ басқа салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға баса мән берілді.

✔️Президент Гидеон Саардың Астанаға сапары аясында Қазақстан-Израиль бизнес форумын өткізуді қолдап, оның қорытындысы екі елдің инвестициялық серіктестігін кеңейтуге елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

✔️Сыртқы істер министрі Израильдің Қазақстанмен мемлекетаралық қарым-қатынастарды дамытуға және өзара байланыстарды жаңа әрі сапалы деңгейге көтеруге мүдделі екенін жеткізді.

✔️Гидеон Саар Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылуын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көреген шешімі ретінде бағалады. Бұл тұрақтылықты, бейбітшілікті және халықаралық диалогты одан әрі нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

✔️Израиль сыртқы істер министрлігінің басшысы Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларға жоғары баға беріп, аталған бастамаларды табысты жүзеге асыруға тілектестік білдірді.

✔️Кездесу барысында халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланды.