Сарыкөл ауданы әкімінің Веселоподол ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі

Сарыкөл ауданы әкімінің Веселоподол ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі

        2025 жылғы 19 қарашада Сарыкөл ауданының әкімі Шымырбеков М. Л. Веселоподол ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

         Кездесу барысында ауылдық округ әкімі ағымдағы кезеңде атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беріп, негізгі қызмет бағыттары мен қол жеткізілген нәтижелерді атап өтті.

          Жиында 2025 жылдың 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындылары шығарылып, келесі жылға арналған негізгі жоспарлар мен басым бағыттар таныстырылды.

          Сарыкөл ауданының әкімі Шымырбеков М. Л. ауданның 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы және 2026 жылға арналған жоспарлар жөнінде тұрғындарды хабардар етті.