2025 жылғы 7 қазанда Веселоподол ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Балкенова И.А. учаскелік полиция инспекторы Д.А. Танкебаевпен бірлесіп азаматтардың тұрғылықты жері бойынша жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді.
Іс-шара барысында ауыл тұрғындарына интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында ақпараттық буклеттер таратылып, интернетті қауіпсіз пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу.