Құқық бұзушылықтар және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау мәселелері бойынша ақпараттық-профилактикалық іс-шара

Құқық бұзушылықтар және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау мәселелері бойынша ақпараттық-профилактикалық іс-шара

📅 2025 жылғы 12 қыркүйекте «Сарыкөл ауданы Веселоподол ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің басмамандары Веселый Подол ауылында құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

💬 Кездесу барысында отбасындағы зорлық-зомбылық жағдайларына дер кезінде әрекет етудің маңыздылығы талқыланып, құқықтық және психологиялық көмек алу жолдары туралы ақпарат берілді.