Қауіпсіздік және абаттандыру мәселелері бойынша халықпен әңгімелесу

Қауіпсіздік және абаттандыру мәселелері бойынша халықпен әңгімелесу

2025 жылғы 15 тамызда Веселоподол ауылдық округінің бас маманы Балкенова И.А. ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында келесі маңызды мәселелер талқыланды:

  • өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • интернет алаяқтықтың алдын алу;
  • алдағы жылыту маусымына қатты отынды уақтылы сатып алу;
  • іргелес аумақтарды тазалау және абаттандыру;
  • Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары.

Сонымен қатар, тұрғындарға ақпараттық парақшалар таратылды.

Кездесу еркін диалог форматында өтті, онда қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауап ала алды.