Весёлый Подол ауылында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында орташа жол жөндеу жұмыстары аяқталды

Весёлый Подол ауылында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында орташа жол жөндеу жұмыстары аяқталды

Весёлый Подол ауылында «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары сәтті аяқталды. Жұмысты орындаған мердігер ұйым – ЖК «Мелоян Саак Ваникович».

Жөндеу жұмыстары ауылдың үш негізгі көшесін қамтыды: Грушко, Юбилейная және Ленин көшелері. Асфальт төсеу, жол жамылғысын тегістеу, жол жиегін қалпына келтіру, жол белгілерін орнату және жол сызықтарын сызу жұмыстары жүргізілді.

Жобаның мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және елді мекен ішіндегі көлік қатынасының қолжетімділігін арттыру.