Қауіпсіздік – әр баланың өмірі үшін маңызды!

Қауіпсіздік – әр баланың өмірі үшін маңызды!

Бүгін «Сарыкөл ауданының Веселоподол ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы Балкенова И.А. округтің кәмелетке толмаған тұрғындарымен кездесу өткізді. Іс-шара барысында жаз мезгілінде қауіпсіздікті сақтау бойынша бірқатар маңызды мәселелер талқыланды:

  • Су айдындарындағы қауіпсіздік — балаларға тыйым салу белгілері орнатылған жерлерде суға түсуге болмайтыны ескертілді. Сондай-ақ, суда өзін-өзі ұстау ережелері мен шомылу кезіндегі сақтық шаралары түсіндірілді.
  • Өрт қауіпсіздігі — өрттің негізгі себептері және қауіпті жағдайда қалай әрекет ету керектігі айтылды.
  • Жолда жүру ережелері — балаларға жолды қалай қауіпсіз кесіп өту, бағдаршам сигналдарын сақтау және көшеде өзін дұрыс ұстау қажет екені түсіндірілді.
  • Қаңырап бос қалған ғимараттардың қаупі — мұндай орындарға баруға неге болмайтыны жөнінде түсініктеме берілді.

Кездесу ашық диалог түрінде өтті — балалар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Мұндай кездесулер жасөспірімдердің қауіпсіздік ережелеріне жауапкершілікпен қарауына, өз өмірі мен денсаулығын қорғауына септігін тигізеді.