Веселый Подол ауылында «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында орташа жол жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жөндеу жұмыстары Грушко, Юбилейная және Ленина көшелерінде жүргізілуде.
Бағдарламаның мақсаты – ауылдық инфрақұрылымды дамыту және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту. Жоба аясында жол төсемін жаңарту, жол бетін тегістеу және іргелес аумақтарды абаттандыру жұмыстары қарастырылған.