📅 2025 жылғы 20 маусымда Веселоподол ауылдық округінің әкімі Мейрембаев Ж.Ж. және Веселоподол ауылдық кітапханасының кітапханашысы Салаева У.С. округтің кәмелетке толмаған тұрғындары және жастарымен кездесу өткізді.
Кездесуде жаз мезгілінде өзекті болатын маңызды тақырыптар қозғалды:
💧 Су айдындарындағы қауіпсіздік — балаларға тыйым салынған белгілері бар жерлерде шомылуға болмайтыны және судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
🔥 Өрт қауіпсіздігі — өрттің шығу себептері мен қауіпті жағдайда қалай әрекет ету керектігі айтылды.
🚸 Жол қозғалысы ережелері — жолды қауіпсіз кесіп өту және көшеде өзін қалай ұстау керектігі түсіндірілді.
🏚 Қаңыраған ғимараттардың қауіптілігі — мұндай орындарға неге кіруге болмайтыны жайлы айтылды.
🚔 Құқықбұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күрес — жастарға қиын жағдайларға тап болмау жолдары түсіндірілді.
📚 Іс-шара соңында қатысушыларға осы тақырыптар бойынша ақпараттық парақшалар (буклеттер) таратылды.
🗣 Әңгіме еркін форматта өтті — балалар белсенді түрде сұрақ қойып, өз ойларымен бөлісті.
Осындай кездесулер балаларға өз өмірі мен денсаулығына мұқият қарауға, жауапкершілікті сезінуге көмектеседі!