2025 жылғы 28 мамырда Веселоподол жалпы білім беретін мектебінің акт залында Сарыкөл ауданының әкімі Шымырбеков Марат Лесбекұлының Веселоподол ауылдық округінің тұрғындарымен есептік кездесуі өтті.
Кездесу барысында аудан әкімі өткен жыл ішіндегі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы жан-жақты есеп беріп, болашаққа арналған негізгі даму бағыттары мен жоспарларымен бөлісті. Инфрақұрылымды жаңғырту, ауыл шаруашылығын дамыту, білім беру мен медициналық қызметтердің сапасын арттыру, абаттандыру жұмыстары және шағын және орта бизнесті қолдау мәселелері қозғалды.
Кездесу аясында сондай-ақ есеп берді:
Кездесу барысында тұрғындар белсенділік танытып, су мәселесі, жолдардың жай-күйі және ауыл өміріне қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Әрбір сұрақ бойынша нақты түсініктемелер беріліп, бірқатар мәселелер бақылауға алынды.
Кездесу соңында аудан әкімі тұрғындарға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдіріп, ауылдық округтің дамуына қатысты мәселелерді бірлесе шешудің маңыздылығын атап өтті.