
📡 ҰБТ Мемлекет басшысының Ауылдық аумақтарды сапалы байланыспен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Сарыкөл ауданының Урожайное ауылында өткен жылдың желтоқсан айында мобильді байланыс пен Интернетке қолжетімділікті кеңейту бойынша жұмыстар аяқталды. 4 G жабыны бар Tele2 ұялы байланыс мұнарасы орнатылды.
Бұл шаралар ауылдағы байланыс пен Интернеттің сапасын едәуір жақсартады және тұрғындарға заманауи цифрлық мүмкіндіктерге кеңірек қол жеткізуді қамтамасыз етеді.