Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруды қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып қала береді.
Жоғары сапалы мемлекеттік қызметтерге ашық және барлығына тең қолжетімділік мемлекеттік басқару органдарының алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі болып табылады.
ЖАО тегін негізде көрсететін барлық мемлекеттік қызметтер.
Халықтың мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында "Сарыкөл ауданы Тимирязев ауылы әкімінің аппараты" ММ ғимаратында Мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы ақпараттық стенд, осы тақырыптағы буклеттер, брошюралар бар. Әкім аппаратының мамандары "электрондық үкімет" порталында мемлекеттік қызметтерді одан әрі алу мүмкіндігі үшін электрондық цифрлық қолтаңба алу қажеттілігі туралы ауылдық округ тұрғындарына тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді: egov.kz. сондай-ақ ресми Интернет-ресурста көрсетілетін қызметтер бойынша ақпарат орналастырылған "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі жұмыс істейді.
Халыққа ыңғайлы болу үшін, қызметтерді алу процесін жеңілдету, аудан орталығына баруды болдырмау мақсатында ауыл әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету секторы орнатылған , оның көмегімен әрбір азамат қэлектрондық қызметті өз бетінше немесе ауыл әкімі аппараты қызметкерінің көмегімен ала алады.