2026 жылғы 18.05 Тимирязев ауылдық клубында ауыл әкімі
А. Т. Тайпакованың ауыл тұрғындары және жергілікті мекеме өкілдерімен есеп беру кездесуі өтті.
Күн тәртібі:
1. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен 2026 жылға арналған жоспары туралы есеп.
2. «Таза Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру.
3. Электр қоршауын орнату.
Бірінші мәселе қаралып, атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, жетістіктер талқыланып, 2026 жылға арналған ауылды дамытудың негізгі бағыттары белгіленді. Сондай-ақ тұрғындар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауылды санитарлық тазарту, абаттандыру, тазалықты сақтау мәселелері талқыланды.
Қаралған үшінші мәселе – мал басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың бақылаусыз жайылып кетуіне жол бермеу үшін электр қоршауларын орнату қажеттігі айтылды.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, тұрғындар талқылауға белсене қатысып, өз ұсыныстарын білдірді.