"Сарыкөл ауданы Тимирязев ауылы әкімінің аппараты" Мемлекеттік Мекемесінің 2025 жылдың ағымдағы кезеңінде мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі жұмысы туралы есеп".
Тимирязев ауылы әкімінің аппараты "Мемлекеттік Мекемесі Тимирязев ауылы, Мира көшесі 33/2 мекенжайында орналасқан .Тел 8(71451) 98-1-39,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18.09. № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызметтер:
1)"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру";
2)"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу".
3)"мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) алу".
4)"елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру";
5) "жер учаскесін алуға кезекке қою" Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде "Тимирязев ауылы әкімінің аппараты" ММ қызметшілері 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңын және бекітілген стандарттар мен регламенттерді (Қостанай облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген 6 бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты, 6 регламент) басшылыққа алады.
Жүргізілген талдау негізінде 2025 жылы неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер:
- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу.
"Мемлекеттік қызметтер туралы" ҚР Заңының нормаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат мемлекеттік мекеменің ақпараттық стендінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру мақсатында мемлекеттік мекеменің жауапты қызметшілері мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түрлі іс-шараларға( семинарлар, дөңгелек үстелдер, кеңестер және т.б.) қатысады. Жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімі туралы білікті консультация алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2025 жылдың ағымдағы кезеңінде шағымдар түскен жоқ.
2025 жылдың ағымдағы кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу жағдайлары тіркелген жоқ.