
15 сәуір күні ағымдағы жылы Тағ ауылдық округінің әкімі Жұбанова Г. А. учаскелік полиция инспекторы Джанабаев А. Х.-пен бірлесіп, Соналы ауылының тұрғындарымен жиналыс өткізді. Жиналыста жеке сектордағы мал жаю мәселелері, алаяқтықтың алдын алу, сондай-ақ ауылды абаттандыру және санитарлық тазалау мәселелері қаралды.