
2025 жылғы 6 қарашада Соналы ауылында Тағыл ауылдық округінің әкімі Жұбанова Г. А. тұрғындармен есептік кездесуі өткізді. Кездесуге учаскелік инспектор Абжанов А. А. қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелер:
1.2025 жылдың өткен кезеңіндегі ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы, 2026 жылға арналған жоспарлар. 2."Стоп Алаяқ" бойынша ақпаратты және өз мүлкінің сақталуын, балалардың қауіпсіздігін, жол қозғалысы ережелерін сақтауды жеткізу. 3.Автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникасының иелеріне жол жүрісі ережелерін сақтау, ТЖ төсемінің жанында болу және оны кесіп өту, сондай-ақ өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде ақпарат жеткізілді. 4.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәселесі. 5.Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қатысты мәселені түсіндіру.