
Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!
2025 жылғы 31 қазанда «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» жалпы республикалық акциясы шеңберінде «Сарыкөл аудандық Мәдениет үйі» МКҚК-нда сағат 15.00-ден- 18.00-ге дейін азаматтарды қабылдау өтеді.
Акцияның мақсаты-халыққа тегін заң көмегін көрсету. Қабылдауды аудан прокуроры Ерлан Сундетов, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, заңгерлер, адвокаттар, сот орындаушылары жүзеге асырады.
Акция өтетін орны: Сарыкөл ауданы, Сарыкөл ауылы, Пушкин көшесі, 97.
Байланыс телефоны: 21-5-79 (Сарыкөл ауданының прокуратурасы).