Құқықтардың бұзылуын қалпына келтіру. Қостанай облысы бойынша АКДС аумақтық департаменті 400-ге жуық азаматтың құқығын қалпына келтірді. Мысалы, Қостанай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі жер учаскесіне құқық алудан негізсіз бас тартты. Енгізілген ден қою актісі шеңберінде көрсетілетін қызметті алушының құқықтары қалпына келтірілді және оған жер учаскесіне тиісті рұқсат берілді. Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.