Сорочин ауылында Сарыкөл ауданының әкімі М. Л. Шымырбековтың ауылдық округ тұрғындарымен кездесуі өтті. Кездесуге құқық қорғау органдарының, Сарыкөл ауданы әкімдігінің бөлімдерінің басшылары, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары қатысты. Кездесу барысында 2024 жылдың өткен кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық даму және 2025 жылға арналған жоспарлар туралы өз баяндамаларымен Сорочин ауылдық округінің әкімі Е. С. Шопағұлов, Сарыкөл ауданының әкімі М. Л. Шымырбеков таныстырды, округтің УПИ ж. к. Есмағанбетов баяндама жасады.. Тұрғындармен әңгімелесу барысында сұрақтар көтерілді: 1.Жолдарды жөндеу 2. Ойын алаңдарын орнату 3. Жарықтандыруды орнату 4. Қоршау орнату 5. Мектеп, балаларды тасымалдау. Барлық сұрақтарға түсініктемелер берілді.