
Іс-шараға Сарыкөл ауданының прокуратура органдары, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, жұмыс берушілер, оқу орталықтары мен еріктілер қатысады. Акция барысында еңбек және әлеуметтік құқықтарды қорғау мәселелері бойынша тегін құқықтық кеңестер беріліп, еңбек заңнамасының нормалары, соның ішінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квоталары, еңбек жағдайлары мен әлеуметтік кепілдіктер түсіндіріледі.
Өтетін орны: Сарыкөл ауданы, тәуелсіздік көшесі 72, Сарыкөл акімдігінің ғимараты.
Анықтама телефондары: 8-714-51-21-1-59