Барвиновка ауылындағы жасыл бастама

Барвиновка ауылындағы жасыл бастама

2025 жылдың 19 сәуірінде Сарыкөл ауданы Барвиновка ауылында көгалдандыру акциясы өтті. Бірлескен күш-жігермен қарағаш бұтасының 60 көшеті отырғызылды.

Іс-шараға "Сарыкөл ауданы Барвиновка ауылы әкімінің аппараты " мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, ауыл кітапханашысы Г. Б. Тайжанова, сондай-ақ әлеуметтік қызметкер Г. О. Айкенова қатысты.

Мұндай акциялар туған өлкенің келбетін өзгертіп қана қоймай, қоғамдастықтың рухын нығайтады. Барлық қатысушыларға белсенді азаматтық ұстанымы мен кіші отанына деген сүйіспеншілігі үшін алғыс айтамыз!