Заманауи IT-шешімдер, роботтандыру, жасанды интеллект өмірлік үдерістерді жан-жақты қамти отырып, қоғамның барлық саласының дамуына елеулі әсерін тигізеді. Құқыққа қайшы сипаттағы жаңа сын-қатерлер пайда болады. Қылмыстық кодекске интернетті, технологиялық прогресс құралдарын пайдалана отырып жасалатын қылмыстардың жаңа құрамы енгізілді. Тіпті бір қарағанда, ақпараттық технологияларға ешқандай қатысы жоқ салалар бар.
Мысалы, қазір әлеуметтік желілер арқылы балаларды өздеріне қол жұмсауға итермелейтін жағдайлар кездеседі. Сондықтан Қылмыстық кодекске телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы енгізілді. Интернет желісін және электрондық ақпараттық ресурстарды, соның ішінде есірткі сатуды пайдалану арқылы жасалатын құқық бұзушылықтың басқа да қылмыстық құрамы бар.
Прокуратура қылмысқа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіруші ретінде мемлекеттік аппараттың барлық ресурсын, әсіресе әлеуметтік құбылыстарға қарсы тұру мен алдын алуды біріктіреді. Осы бағытта тиімді жұмыс істеудің құқықтық шешімдері мен тетіктерін үнемі зерделеп отырамыз. Бас прокуратурада бірегей статистикалық, ақпараттық және талдамалық жүйелер бар.
Біздің цифрлық жобаларымыз қылмыстық және әкімшілік процестерді, мемлекеттік бақылау және қадағалау, соның ішінде бизнесті тексеру саласын барынша қамтиды. Бұл үшін жинақталған ауқымды құқықтық ақпарат алаңы – Big data-ны қолданамыз.
Қылмыстық процесс және қылмыстарды тіркеу толығымен цифрландырылған. Қылмыстың жай-күйі туралы барлық ақпарат «Гео-картаға» жүктеледі, оның негізінде полицияның патрульдеу маршруттары салынады. Кез келген адам картаны желіде ашып, тұру, балаларды оқыту немесе бос уақытты өткізу үшін ең қауіпсіз орындардың қай жерде екенін көре алады.
Интернет желісінде терроризм мен экстремизмді насихаттауға қарсы іс-қимыл шеңберінде «Кибернадзор» ақпараттық жүйесін нәтижелі қолданып отырмыз. Бұл заңсыз мазмұнды материалдардың сілтемелерін анықтауға және жүйеге автоматты түрде қосуға мүмкіндік береді.
Біздің Ахуалдық орталықтың болжамды-талдамалық құралдары арқылы қылмыскерлерді ғана емес, алимент және бюджет алдындағы қарыздары бар борышкерлерді де іздестіру тиімділігі жақсарды. Жүйе көмегімен 2 мыңнан аса адам анықталды.
#Заң_және_Тәртіп