«Таза Қазақстан»

«Таза Қазақстан»

🏡 Тазалық әрқайсымыздан басталады! «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауылда абаттандыру, ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қожайын адам тұрмайтын ғимаратты бұзып, содан кейін жерді тазартып, тиісті жағдайға келтірді. Бұл іс-шаралар ауылдың санитарлық жағдайын жақсартуға, көшелерді абаттандыруға және тұрғындар үшін қауіпсіз етуге ықпал етеді. Меншік иесіне өз мүлкін сақтауға жауапкершілікпен қарайтыны үшін алғысымызды білдіреміз және барлық тұрғындарды өз үйлері мен мүліктерінің айналасында тазалық пен тәртіпті сақтауға шақырамыз. Бірге ауылымызды таза, әдемі, жайлы етейік!