Алаяқтықтың алдын алу.

Алаяқтықтың алдын алу.

Құрметті тұрғындар!

Алаяқтықтың алдын алу бойынша халықпен үнемі профилактикалық жұмыс жүргіземіз. Кездесулер мен әңгімелер барысында біз алдаудың кең таралған схемаларын, қаржылық қауіпсіздік ережелерін және күдікті қоңыраулар мен хабарламалар болған жағдайда әрекет ету тәртібін түсіндіреміз.

Еске салайық:
* бөгде адамдарға банк карталарының деректері мен СМС кодтарын бермеңіз;
* күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;
* ақпаратты ресми дереккөздер арқылы тексеріңіз;
• алаяқтыққа күдік болса, дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

Қырағы болыңыз және жақындарыңызға, әсіресе қарттарға ескерту жасаңыз. Бірлескен күш - жігермен ғана біз алаяқтық қаупін азайта аламыз.