Business порталында enbek.kz 21.05.2025 – 30.05.2025 жылдан бастап (1 – ағын) 400 АЕК (1 572 800 теңге) мөлшерінде бизнес - идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінімдерді қабылдау басталады.
Грант қаражаты халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға өз бизнес әлеуетін іске асыруға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өздерін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Гранттар мынадай бағыттарды дамытуға ғана беріледі: қажетті мүкәммалды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құсты, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу, үй-жайларды жалға алу ақысын төлеу.
Гранттар тұтыну мақсаттарына, кредиттік қарыздарды өтеуге, тұрғын үй жылжымайтын мүлігін сатып алуға және салуға, жер учаскеле…
Келесі әлеуметтік категориялардың біріне жату:
- Көп балалы тұлғалар – көп балалы жәрдемақы алушылар (жұбайы, зайыбы)
- Қоныс аударушылар және олардың еңбекке қабілетті отбасы мүшелері
-Мүгедек баланы тәрбиелеушілерге жәрдемақы алатын адамдар (жұбайы, зайыбы)
- Аз қамтылған адамдар-атаулы әлеуметтік көмек алушылар және олардың отбасы мүшелері
- Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар
- Кандас мәртебесі бар адамдар
- Мүгедектігі бар адамдар
"Бастау Бизнес"жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификатқа ие болу
Ерікті қоныс аударуға қатысушылардан басқа (оңтүстіктен солтүстікке)жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушының мәртебесін тексеру сәтінде келмеуі
Толығырақ ақпарат алу үшін "Сарыкөл ауданының Карьер орталығы" филиалына мына мекен-жай бойынша хабарласуға болады: Сарыкөл кенті Партизанская көшесі 35 телефон 87751665634