«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидалары
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы отбасы мен некенің адамгершілік құндылықтары мен оң имиджін жандандыруға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурсқа өзін-өзі ұсынуарқылы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша отбасылар қатысады.
Конкурсқа мүшелерінің еңбек, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы, волонтерлік қызметке қатысатын отбасылар қатыса алады.
Байқау екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең–аудаңдық, екінші кезең –облыстық.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім қағаз немесе электрондық нұсқадағы нысан бойынша ішкі саясат бөліміне 2025 жылдың 16 наурыздан 15 мамырға дейін
(Сарыкөл кенті, Тәуелсіздік көшесі, 72 үй, 7- каб немесе электрондық мекенжайға politika_sarukol@mail.ru), 22-6-22 телефоны. Қосымшасы
1) Ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) Асырап алушы (қамқоршы)отбасыларүшін – кәмелетке толмаған балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы жергілікті уәкілетті органның шешімінен үзінді көшірменің көшірмесі;
3) Неке қию туралы куәліктің көшірмелері;
4) Ата-анасының біреуі қайтыс болған жағдайда (болған жағдайда) қайтыс болу туралы куәліктің көшірмелері;
5) Балаларды тәрбиелегені үшін көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін көтермелеулердің бар екендігін куәландыратын құжаттардыңкөшірмелері;
6) Заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (екіденкемемес);
7) Отбасы мүшелерінің еңбек, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері;
8) Қоғамдық пайдалы қызметке қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері (волонтерлік,қайырымдылық,меценаттық,тәлімгерлік);
9) Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім береді.
Үздік жұмыстар облыстық конкурсқа қатысу үшін бағытталатын болады. Жұмыста 10 критерий бағаланады:
1) отбасы мүшелерінің жетістіктерінің саны мен маңыздылығы (Отбасы тарихы-визит карточкасы-презентация);
2) отбасылық дәстүрлер мен жәдігерлер;
3) отбасының рухани-адамгершілік құндылықтары;
4) балалар мен немерелердің жетістіктері (Бар болса);
5) ата-аналардың жетістіктері үлгі ретінде;
6) отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің саны-бір аумақта бірге тұратын бірнеше ұрпақ өкілдері);
7) отбасының таланттары;
8) отбасының өмір салты (салауатты өмір салты, бос уақыт);
9)қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық) қатысу;
10) жетім балаларға қамқоршылық, тәлімгерлік ету.
-Конкурслауреаттарынмарапаттаурәсімісалтанатты түрде өткізіледі.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға арналған өтінім
Отбасы құрамы:
Р\с № |
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Туыстық дәрежесі |
Туған күні (күні, айы, жылы) |
Жұмыс, оқу орны, қызмет түрі, лауазымы |
Тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Отбасылық өмір тәжірибесі _____________________________________
Отбасы тарихын сипаттау (отбасылық дәстүрлер, құндылықтар, отбасындағы балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері) ______________________
Отбасы мүшесінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, еңбектегі, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми, қоғамдық пайдалы (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қызметтегі отбасының (немесе отбасы мүшелерінің) жетістіктері: ___________________________________________________
Наградалардың, сыйақылардың болуы (грамоталардың, алғыс хаттардың, дипломдардың, сертификаттардың көшірмелері қоса беріледі) _____________________
Отбасы мүшелерінің қоғамдық қызметін көрсететін әлеуметтік желілердегі аккаунтқа сілтеме (бар болса) _________________________________________________
Отбасылық фотосуреттер (электрондық нұсқасымен бірге 5 данадан аспайды)
Отбасыны таныстыратын (ұзақтығы 2 минуттан аспайды) бейнеролик
Өзге де құжаттар ___________________________________________
Қолы __________
Күні __________