Қостанай облысында «Парыз» байқауы басталды

Қостанай облысында «Парыз» байқауы басталды

Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 2025 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды.

Байқау халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

Байқау жыл сайын «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін» атты төрт номинация бойынша өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізіледі. Сондай-ақ байқау аясында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлық қарастырылған.

Байқауға қатысу тегін. Үміткерлер материалдарды жергілікті атқарушы органдарға қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады.

Өткізілетін іс-шараның маңыздылығын ескере отырып, облыс кәсіпкерлерін «Парыз» байқауына белсенді қатысуға шақырамыз.

Өтінімдерді қабылдау - 2025 жылғы 1 шілдеге дейін.