Сарыкөл ауданы аумағында ауа температурасының күрт жылынуына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ олардың мүлкі мен мал басын сақтау үшін күшейтілген алдын алу шаралары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта Сорочинск ауылдық округінің Крыловка және Қараоба ауылдарын су басу қаупі бар, өйткені ауданға Қарасу ауданының Құндызды және Обаған өзендерінен көп мөлшерде су келуде.
Осыған байланысты бірқатар іс-шаралар жүргізілуде мәселен: қорғаныс құрылыстарын нығайту, үйінділер бойынша жұмыстар, бөгеттерді күшейту, кептелістердің алдын алу үшін жарылыс жұмыстарын ұйымдастыру, су деңгейін бақылау және су бұру арналарының жай-күйін мониторингтеу.
Тұрғындардан мұқият болуды, шұғыл қызметтердің ұсынымдарын орындауды және қажет болған жағдайда (21-2-76) нөмірі бойынша жедел штабқа хабарласуды сұраймыз.
Түсіністік пен ынтымақтастық үшін рахмет!
Сарыкөл ауданының жедел штабы.