2006 жылғы үлгідегі банкноттарды айырбастау кезеңінің аяқталуы туралы

2006 жылғы үлгідегі банкноттарды айырбастау кезеңінің аяқталуы туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Қостанай филиалы 2020 жылғы 3 қазанда 2006 жылғы үлгідегі номиналдары 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңінің аяқталатынын еске салады.

2006 жылғы үлгідегі банкноттар

 

Қолма-қол ақша айналымынан алынған банкноттарды Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастау тек қана Ұлттық Банктің филиалдарында жүргізіледі.

Ағымдағы жылдың 3 қазанында аталған банкноттардың айналыс мерзімі аяқталғаннан кейін Ұлттық Банктің филиалдары оларды қабылдауды және қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастауды тоқтатады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Қостанай филиалы келесі мекен-жайда орналасқан: Қостанай қаласы, Баймағамбетов көш., 195.

Байланыс телефондары: 99-09-24, 99-09-25, 99-09-10.