Коронавирус пандемиясы кезінде Мемлекет басшысы атқарушы және құқық қорғау органдарына дәрі-дәрмектердің бағасын алыпсатарлық пен қымбаттату фактілері бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

Аталған жұмыс шеңберінде мониторинг тобы а.ж. 25 шілдеде ауданда "Новинган Нео" препаратын жоғары бағамен сату фактісін анықтады.

Осы факті бойынша дәріхана иесіне қатысты санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 426-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғады.

Кінәсін толық мойындауына байланысты құқық бұзушыға 180 570 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Бағаны көтеру, алыпсатарлық және дәрілік заттардың жасанды тапшылығын құру фактілерін анықтау бойынша мониторингтік топтың жұмысы жалғасуда. Мұндай фактілер анықталған жағдайда кінәлілер заңмен белгіленген жауапкершілікке тартылады.

Сонымен қатар, аудан прокуратурасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі № ҚР ДСМ-104 бұйрығымен дәрілік препараттардың шекті бағалары белгіленін түсіндіреді.

Дәрілік заттарға белгіленген шекті бағалардың асып кетуі жеке тұлғаларға - жетпіс, лауазымды тұлғаларға - бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап бұзу фармацевтикалық қызметке лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға әкеп соғады.

Сарыкөл ауданының

прокуратурасы