Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа эпидемиологиялық ахуал жағдайы туралы мәлімдеді

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа эпидемиологиялық ахуал жағдайы туралы мәлімдеді

   Архимед Мұхамбетов Мемлекет басшысына өніріндегі эпидемиологиялық ахуал жағдайы және коронавирустык инфекцияға қарсы атқарылған жұмыс туралы мәлімдеді.
    Сонымен, Мемлекет басшысына Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері аталған өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жайында баяндады. Төсек-орындар мен дәрі-дәрмектердің қоры жасалған.
    Президент ахуалды қатаң бақылауда ұстап, аталған міндетке басым бағыт ретінде мән беруді тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев карантин шараларын сақтаудың маңызды екені және халыққа түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізе беру керектігін айта кетті.