
Өтетін мерзімі – 16.08.2024 ж.
Уақыты – сағат 16.00 – 18.00
Өтетін орны – келісуде
«АБЫСЫН-АЖЫН» БАЙҚАУЫ ЕРЕЖЕСІНІҢ ЖОБАСЫ
І.БАЙҚАУ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРЫ:
Қостанай облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ, Қостанай облыстық Аналар кеңесі, «Ана мектебі» ҚҚ, облыстық «Қазақ аналары-дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы.
ІІ.БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ: Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын, отбасы құндылықтарын насихаттау арқылы Қазақстан халқы бірлігін нығайту.
ІІІ. ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
- байқауға Қостанай обылысындағы барлық үміткерлер арасынан іріктелген бір әулет келіндерінен тұратын (2 адамнан кем емес) 10 топ қатысады.
- байқауға қатысушы топ мүшелерінің жасына шектеу қойылмайды, мүшелері бір әулеттің келіндері болуы тиіс. Байқауға қатысушылардың киім үлгісі заманауи, күнделікті киюге ыңғайлы, ұлттық нақыш элементтері болуы және бір әулеттің келіндері екендігін белгілейтін бірдей атрибуты болуы (бір түсті орамал, камзол немесе көйлек) керек.
- Әр кезеңге нақты уақыт беріледі.
Белгіленген уақыттан асып кетсе, балл саны азаяды.
I-кезең. «Сәлем – сөздің анасы»
Бұл кезеңде ең үлкен абысыны өзінен кейінгі келіндерін дәріптей таныстырады (үлкен тұрып кіші сөйлегеннен без), таныстыру форматы әзіл-қалжың түрінде болуы тиіс (2 мин)
II-кезең. «Ата дәстүр – тәрбие негізі»
Абысындар ескіден келе жатқан қазақтың дәстүрлі өнерін көрініс түрінде көрсетеді. Халқымыздың ұлттық қолөнер бұйымдарын жасау, т.б. дәстүрге қатысты өзге де өнер үлгілерінің бірін көрсетеді (әр топқа бір сұрақ)
ІII-кезең. «Ана әлдиі»
Бұл сайыста қатысушылар заманауи бесік жырларын (өзі шығарған жыр құпталады) айтады (3 минут).
IV-кезең. «Қазақ келінінің заманауи ұлттық киімі»
Қатысушылар бүгінгі келіндердің ұлттық нақыш ескеріле тігілген киімдерді және қазақ халқының жас ерекшелігіне байланысты әйелдер қолданатын бас киімдер үлгісін көрсетеді.
V-кезең. «Абысын тату болса ас көп»
Қатысушы топтар өз отбасын біріктіретін тағамын алып шығады және сол тағам арқылы «бірлік» ұғымын түсіндіреді (2 мин).
VII. БАҒАЛАУ ӨЛШЕМІ:
- абысындардың бір-бірімен ауызбіршілігі мен өзара жарасымдылығы;
- сөйлеу әдебі мен мәнері;
- ұлттық салт-дәстүрді білу деңгейі;
- сахна мәдениеті мен киім үлгісі.
VIII. МАРАПАТТАУ:
Байқауда үздік өнер көрсетіп, шеберлік танытқан қатысушылар жүлделі орындармен, арнайы дипломдармен марапатталады:
Гран при (біреу)
I - орын (біреу)
II - орын (біреу)
III - орын (біреу)
Барлық қатысушыларға «Әулеттің үздік келіні» сертификаты беріледі.
Қазылар алқасының құзыры:
- байқау барысында қазылар тарапынан қосымша сұрақтар қоюға болады;
- қазылар алқасының шешімі талқыға салынбайды;
- 10 (он) баллдық жүйе белгіленеді;
- қазылар алқасының дауыстары тең болған жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
ІХ. БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАРДАН ТАЛАП ЕТІЛЕТІН ҚҰЖАТТАР:
- өтінім қағазы;
- жеке куәлігінің көшірмесі;
Ескерту: Қатысушылар барлық шығындарды өз есебінен төлейді.
«Абысын-ажын» байқауы туралы ережеге
қосымша
«Абысын-ажын» байқауына
қатысуы туралы өтінім
|
1. |
Әулет атауы |
|
||
|
2. |
Абысын-ажын құрамы: |
|||
|
|
Тегі, аты, әкесінің аты |
Туыстық дәрежесі
|
Туған күні, айы, жылы (жасы) |
Оқу, жұмыс орны, қызмет түрі, лауазымы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5. |
Ата-енелері (бар болса) туралы ақпарат
|
|
||
|
6. |
Күйеулері, балалары туралы ақпарат
|
|
||
|
7. |
Абысын-ажындардың біреуінің байланыс телефоны және электрондық мекенжайы
|
|
||
«Абысын-ажын» байқауына
қатысуы туралы өтінім
|
1. |
Әулет атауы |
|
||
|
2. |
Абысын-ажын құрамы: |
|||
|
|
Тегі, аты, әкесінің аты |
Туыстық дәрежесі
|
Туған күні, айы, жылы (жасы) |
Оқу, жұмыс орны, қызмет түрі, лауазымы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5. |
Ата-енелері (бар болса) туралы ақпарат
|
|
||
|
6. |
Күйеулері, балалары туралы ақпарат
|
|
||
|
7. |
Абысын-ажындардың байланыс телефоны (2 телефон номері) және электрондық мекенжайы
|
|
||
Х. ҚОРЫТЫНДЫ
Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өте салысымен байқау жабық деп жарияланады, байқау ұйымдастырушыларының қатысушылар алдындағы міндеті де аяқталады.