Құрметті Сарыкөл ауданының тұрғындары!

Құрметті Сарыкөл ауданының тұрғындары!

2024 жылғы 30 мамырда сағат 17:00-де Сарыкөл кенті, Пушкин көшесі, 97 (аудандық мәдениет үйінің ғимараты) мекенжайы бойынша жыл сайынғы «Халық заңгері» республикалық акциясы өтеді. Акция барысында кез келген азамат қажетті заңгерлік кеңес ала алады, сондай-ақ мемлекеттік органдар өкілдерінен оны қызықтыратын мәселелер бойынша түсініктеме ала алады.

Іс-шараның негізгі мақсаты-халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру. Сіздерді белсенді қатысуға және тегін заңгерлік кеңес алуға шақырамыз.