«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауы туралы хабарландыру

«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауы туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 Өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауы өткізіледі. Ағымдағы жылы байқау 3 кезеңде өтеді: бірінші кезең – аудандық, екінші кезең – облыстық, үшінші кезең – ұлттық. Конкурсқа қатысуға өтініш тиісті құжаттар қоса тіркелген арнайы нысан бойынша 2024 жылдың  15 мамыр 14 маусым аралығында қабылданады. Барлық қажетті мәлімет мына мекенжайда: Тәуелсіздік көшесі, 72, «Сарыкөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ, тел: 8(71451) 22-6-22, e-mail politika_sarukol@mail.ru  электрондық мекен-жайы бойынша беріледі.

 Толық ақпаратты https:// www.gov.kz/memleket/ entities/kostanai-sarykolaudany-akimat?lang=ru сайтынан алуға болады.