АЛҒАШ РЕТ САРЫКӨЛ АУДАНДА ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒА ТЕСТІЛЕУ ҚОҒАМ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТТІ

АЛҒАШ РЕТ САРЫКӨЛ АУДАНДА ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒА ТЕСТІЛЕУ ҚОҒАМ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТТІ

Сарыкөл ауданы бойынша тестілеуге қатысуға барлығы 126 адам өтініш берді, іс жүзінде 115 қатысты. Оқушыларды енгізу барысында ұялы телефондарды жіберу фактілері тіркелмеген. Тестілеу кезінде ұялы телефондарды пайдалану фактілері анықталған жоқ.

Процестің ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында бақылаушылар ретінде өңірлік арнайы мониторингтік топтың мүшелері қатысуда.

ҰБТ форматы биылғы жылы өзгерген жоқ, тестілеу қағаз нұсқасында 5 пән бойынша өткізіледі: 3 міндетті және 2 таңдауы бойынша. Барлығы 120 тест тапсырмасы, ең көп ұпай саны — 140.

Сарыкөл ауданда тестілеу №1 Урицкий орта мектебі базасында өткізілді. Бақылаушылар күн сайын тестілеудің барлық кезеңдеріне қатысты: тестілеу материалдары салынған қаптарды ашудан бастап сканерленген қорытынды жауаптарды Ұлттық тестілеу орталығына жіберуге дейін. Биылғы жылы ҰБТ-ны өткізу ережесіне өзгерістер енгізілген, оған сәйкес егер оқушының металл іздегіш арқылы өту кезінде тыйым салынған зат анықталса, мысалы телефон, ары қарай тестілеуге жіберілмейді және оған тестілеуден шығару туралы акт жасалады.

Даулы сәттерді болдырмау мақсатында ұйымдастырушылар металл іздегіш арқылы өту процесін тіркейтін бейнекамералар орнатты. Тестілеу процесінің өзі арнайы аудиторияларда бейнекамералар арқылы бақыланып, талапкерлерге кедергі келтірілмейді. Сонымен қатар, әрбір аудитория ұялы байланыс сөндіргішімен жабдықталған.

Анықтама: Ұлттық бірыңғай тестілеу ағымдағы жылы 17 рет өткізіледі. Осы кезеңде тестілеуге шамамен 2 млн адам қатысты.