Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алды

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алды

2024 жылғы 8 сәуір мен 11 мамыр аралығында  «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жарияланды.

 8-13 сәуір «Таза өлке» деген атпен өтеді. Тұрғындар, қоғам қайраткерлері, ұйымдар, кәсіпорындар өз аумақтарын, аулаларын тазалайды;

15-20 сәуір – «Киелі мекен» -тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру жұмыстарына арналады;

22-27 сәуір – «Жасыл аймақ» күні ағаш көшеттерін отырғызу, екпелерді әктеу ұйымдастырылады;

 29 сәуір-4 мамыр – «Өнегелі ұрпақ» күні ардагерлер аулалары мен қарттар үйлерінің аумақтарын жинау және абаттандыру ұйымдастырылады;

 6-11 мамыр – «Мөлдір бұлақ» деп аталатын күні су айдындарының айналасын қоқыстан тазарту ұйымдастырылады.

Аудан тұрғындарын, қоғамдық қызметкерлерді, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлерін белсенді қатысуға шақырамыз.