Тұрғылықты халықтың және мал шаруашылықтарының назарына!

Тұрғылықты халықтың және мал шаруашылықтарының назарына!

БРУЦЕЛЛЕЗ – оның алдын алу шаралары

 

Биологиялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықты жануарлар мен адамдарға ортақ аса қауіпті аурулардың жұғуынан қорғау – облыстық ветеринариялық қызметінің стратегиялық мақсаттарының бірі.

Қостанай облысының аумағында тұрақты эпизоотиялық жағдайды сақтау мақсатында ветеринариялық қызмет жыл сайын жоспарлы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізеді, оның ішінде бруцеллез ауруына зерттеу үшін қан сынамаларын алу, ауруларға қарсы вакцинация жасау және аллергиялық зерттеулер, жануарларды есепке алуға, дезинфекция жүргізу секілді түрлі жұмыстар бар.

Адамдар мен жануарларға жұқпалы арруларды жұқтыру қаупі күшейетін кезеңдердің бірі көктем айлары, сол себепті аурудың алдын алу мақсатында жаппай ветеринариялық іс-шаралардың басым бөлігі көктем мен күз мезгілдерінде атқарылады.

Қыс мезгілінің ұзақтығынан, ауыл шаруашылығы жануарларының (ІҚМ, ұсақ мал, жылқы, шошқа) түрлі ауруларға төзімділігі айтарлықтай төмендейді.

Сонымен қатар, көктемде жануарлардың жаппай төлдеуі басталады, осы мезгілде адамдар жануарлармен тікелей байланыста және бруцеллезді жұқтыру қаупі жоғары болады.

Өте маңызды: Жұқпалы ауру салдарынан, төлдеген малдардың шулары уақытымен түспейді, осы кезеңде шуды қолмен алу адам денсаулығына ерекше қауіп төндіреді.

Жатырдағы төлді қоршап тұратын сұйықтықта (амниотикалық сұйықтық) бруцеллез қоздырғышының үлкен концентрациясы бар, ол жерге төгілгендіктен маңайын ластайды, бруцеллез ауруының қоздырғышы тарайды.

Бұндай жағдайда сұйықтық төгілген жерлерді дезинфекциялау құралдарымен залалсыздандыру керек (құрамында 2-2,5% белсенді хлоры бар немесе10-20% ақ балшық ерітіндісі және т.б.). Түсікті және шуды ешбір жағдайда далаға лақтырып тастауға болмайды, себебі бұралқы иттер оларды басқа жаққа тасымалдап, ауруды одан әрі таратады, оларды тұрмыстық қалдықтарға арналған жекелеген ыдыстарда өрттеу арқылы жою қажет немесе осы елді мекеннің ветеринариялық дәрігеріне хабарлаған дұрыс. Барлық жағдайларда адамдар міндетті түрде резеңке қолғапты қолдануы керек.

Осыған байланысты жануарлардың иелері үй жануарларын ұстау кезінде гигиеналық және санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтауы керек.

Бруцеллез – бұл жануарлар мен адамдардың созылмалы жұқпалы ауруы. Көптеген жануарларда іш тастау және шуының түспей қалуы, орхит, өмір сүруге қабілетсіз төлдердің туылуы және бедеулік белгілері болады.

Адамдарға бруцеллез көбінесе осы аурумен ауратын қой, ешкі және ірі қара малдарынан бағып-күткенде, оларды сойғанда және ұшаларын өңдегенде жұғады. Бруцеллез зақымдалған тері, ауыздың, мұрын мен көздің шырышты қабықтары арқылы жұғады, адамдарды мүгедектікке (буындардың зақымдануына байланысты) әкелуі мүмкін.

Қауіп тек ауру жануарлардан ғана емес, олардан алынатын өнімдерден де жұғады. Әсіресе шикі сүт және сүт өнімдері, ет, жүн, ешкі түбіті.

Ауру қоздырғышының төзімділігі – бруцеллалар жоғары температураға төзімді емес, қайнаған кезде олар бірден өледі.

Бруцеллалардың физикалық және химиялық факторларға төзімділігі төмен: топырақта, суда, қида, шөпте қоздырғыш 4 айға дейін сақталады, оларды тікелей түскен күн сәулесі 3-4 сағат ішінде өлтіреді.

Тамақ өнімдерінде ұзақ уақыт сақталады. Олар төменгі температураның әсеріне өте төзімді (мұздатылған етте 5 айға дейін, сүт өнімдерінде – 1,5 айға дейін сақталады).

Алдын алу мақсатында жануарлардың иелері келесі талаптарды сақтауы керек:

- ет пен сүт өнімдерін ұзақ пісіріп, қайнатқаннан кейін тұтыну;

-  тартылған шикі еттен ауыз тиіп көруге қатаң тыйым салынады;

-  ет пен сүт өнімдерін арнайы белгіленген жерлерден немесе кездейсоқ адамдардан сатып алмаңыз;

- ет пен сүт өнімдерін сауда үшін арнайы бөлінген орындардан немесе дүкендерден сатып алу керек;

 - жануарларды күту, бөлу және сою кезінде резеңке қолғап пен резеңке етік қолданыңыз;

- мал ұсталатын қора-жайларды күнделікті тазалауға қорғаныс киімдерін (резеңке қолғап, резеңке етік, халат) пайдаланыңыз;

- теріңіз жарақаттанған кезде, жараларды йод ерітіндісімен немесе сутегі тотығымен өңдеңіз.

Жеке және заңды тұлғалардың міндеті («Ветеринария туралы» Заңның 25-бабына сәйкес):

  1. - Жаңадан сатып алынған жануар, алынған төл, оның (олардың) сойылуы және өткізілуі туралы;

- бірнеше жануарлардың өлім-жітімі болса, олардың бір мезгілде ауыруы немесе олардың ерекше белгілері болуы туралы ветеринария қызметіне хабарлауға міндетті.

  1. Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларын уақтылы вакцинациялауды және диагностикалауды қамтамасыз ету;
  2. Ветеринария саласындағы мамандарға ветеринариялық іс-шараларды жүргізу бойынша қызметтік міндеттерін орындау кезінде жәрдем көрсету;
  3. Жануарларды союдың алдында ветеринариялық тексерусіз және сойғаннан кейін ұшалары мен мүшелеріне ветеринариялық-санитариялық сараптамасыз өткізу мақсатында союға жол бермеуі керек.

 

 

«Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ