Жаңа бірыңғай кешенді бағдарламаны түсіндіру

Жаңа бірыңғай кешенді бағдарламаны түсіндіру

2024 жылғы 1 қаңтарда кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаның күші жойылды, 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап мемлекеттік қаржылық қолдаудың жаңа қағидалары бекітілді.

Шағын және орта бизнес субъектілері үшін жаңа бірыңғай кешенді бағдарлама шеңберінде қаржыландыру шарттарын түсіндіру мақсатында Сарыкөл ауданы әкімінің орынбасары Марат Лесбекұлы Шымырбековтың төрағалығымен ағымдағы жылдың 12 наурызында семинар кеңес өткізілді, онда шақырылды: Қостанай облысы бойынша "Даму" кәсіпкерлікті дамыту өңірлік филиалының бағдарламаларын ілгерілету жөніндегі менеджері – Оразбаева Замира Сейтқалиқызы, Қостанай облысы бойынша "Даму" кәсіпкерлікті дамыту өңірлік филиалының бағдарламаларын ілгерілету жөніндегі менеджері – Казакова Әсел Мұратқызы.

Бағдарламаның мақсаты тиімді жобаларды қолдау:

1) 2030 жылға қарай ЖІӨ-дегі ШОБ үлесін 40% - ға дейін ұлғайту;

2) экспортқа бағдарланған, бәсекеге қабілетті, импортты алмастыратын салаларды дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру;

3) экономиканы әртараптандыру.