Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінде негіз қалаушы буын болып сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, олардың туындауына ілеспе жағдайлар мен себептерді анықтау және азайту айқындалды.

Осыған байланысты, мемлекеттік және жеке сектордағы сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын болдырмау мақсатында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі-заң) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау (сыртқы және ішкі) сияқты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу институттары енгізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау-сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу.

Осыған байланысты 2023 жылдың мамыр-маусым айлары аралығында Сарыкөл ауданының әкімдігі және Сарыкөл ауданының квазимемлекеттік секторында және мемлекеттік мекемелер қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде.